Бейсенбі, 04 желтоқсан, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Химиялық уланудың алдын алу шаралары

04.12.2025

31 0

Фото: Интернет желісі

Химиялық улану – адамның денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіретін жедел уланудың ең қауіпті түрлерінің бірі. Бұл улану тыныс алу жолдары, тері немесе асқазан-ішек жолдары арқылы улы заттардың түсуінен туындайды. Күнделікті өмірде, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте химиялық заттарды белсенді пайдалану жағдайында алдын алу шараларына назар аудару өте маңызды.
Алдын алу шаралары:
• Химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде, ескерту таңбасы көрсетілген түпнұсқа қаптамада сақтау.
• Химиялық заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтау.
• Химиялық заттармен жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
• Химиялық өнімге оның қауіпті қасиеттерінің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға әсерінен қорғау шаралары туралы ақпараты бар ілеспе құжаттардың болуы.
• Қызметкерлерге химиялық заттармен жұмыс істеу ережелері бойынша тұрақты тренингтер мен нұсқаулықтар өткізу.
• Химиялық улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйрету.
• Химиялық заттарды пайдалануды, өндіруді, тасымалдауды, кәдеге жаратуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді сақтау.
• Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
• Химиялық заттардың қалдықтарын дұрыс және уақтылы жою.
Уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсету қалпына келтіру мүмкіндігін арттырады және асқыну қаупін азайтады. Химиялық уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру қажет . Тек білікті мамандар толық детоксикация жасай алады және тиісті терапияны тағайындай алады.
Жоғарыда аталған алдын алу шараларын сақтау адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейді және химиялық заттармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: