Сенбі, 28 желтоқсан, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Иммунитетті көтеруге көмектесер 5 тағам

11.10.2022

768 0

Күзде адамға иммунитет аса қажет. Инфекция мен суықтан сақтану үшін. Ал иммунитеттің негізгі көзі – ішек. Иммун жүйесін жақсарту үшін ең алдымен ішек жұмысын жақсартып, іштегі пайдалы бактерияларды көбейткен абзал.

Ішек микрофлорасын жақсартудың жолы – пайдалы тамақ ішу. Әсіресе, ішектегі пайдалы бактерияларды қоректендіретін тағамдарды ішкен жөн.

Мамандардың айтуынша, ондай тағамдарға мыналар жатады.

Йогурт. Ішек микрофлорасына пайдалы сүт тағамдарының бірі – йогурт. Пробиотиктің көзі. Әрі ас қорытуға көмектеседі. Пробиотик дегеніміз – пайдалы микрофлораның көбейтуге көмектесетін тірі микроорганизмдер. Иммун жүйесінің жасушаларын оятады.

Бірақ йогурт сатып аларда міндетті түрде өнімнің шығарылған мерзіміне қарау шарт. Барынша жаңа, балғын болғаны жөн.

Айран. Ішекке пайдалы екінші сүт тағамы – айран. Айранда кальций, магний, фосфор, В дәрумендері мен D дәрумені көп болады. Нағыз ағзаға пайдалы құрам. Айран – пробиотиктің де көзі. Айранның барынша табиғи болғаны жақсы. Сонда ағзаға молырақ пайдасын тигізбек.

Ашытылған көкөніс. Бұған кәдімгі тұздалған орамжапырақ пен қияр, басқа да көкөністер жатады. Ашытылған, қышқыл тағамдар ішекке өте пайдалы.

Кимчиде А, С және К2 дәрумені, В тобындағы дәрумендер мен темір, түрлі аминқышқылдары көп болады. Әлемдегі ең пайдалы тағамдардың бірі. Жасұсынық көп болғасын ішектің пайдалы микрофлорасына жақсы әсер етеді.

Ірімшік (сыр). Ішекке пайдалы тағы бір сүт өнімі. Егер айран мен йогурттың барынша жаңа болғаны маңызды болса, сырға керісінше, дайындалғанына барынша көп уақыт болғаны жақсы. Соғұрлым құрамында пробиотик көп болмақ.

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған тағамдарды аларда пастерленген бе, жоқ па – соған мән беру керек. Пастерленген тағам болса, ондайдан пайда жоқ дейді мамандар.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: