Сенбі, 21 желтоқсан, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Инфекциялық аурулардың алдын алу маңызды

26.12.2021

708 0

Биыл облыста жалпы инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

– Біздің өңір үшін коронавирус инфекциясынан кейін өзекті болып отырған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы. Соңғы жылдары елді мекендерде зақымдалған кенелер саны көтеріліп келеді. Дегенмен, дер кезінде індетке қарсы алдын алу шараларының нәтижесінде аурушаңдық көрсеткіші бір деңгейде сақталуда. Сондай-ақ, туберкулез, оба, қызылша, сібір жарасы секілді аурулардың эпид жағдайы тұрақты, – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Биыл қала бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың 24 түрі тіркелген. Инфекциялардың алдын алу және тоқтату мақсатында тиісті шаралар қолданылды.

– Жалпы аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі әлемде орын алған коронавирус инфекциясымен байланысты. Облыста індет жұқтырушымен байланысты болған 31 104 адамға зертханалық тексеру жүргізіліп, оң нәтиже көрсеткен 1398 жағдай анықталды. Қазіргі таңда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Қала бойынша карантиндік талаптарды сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2304 рейдтік іс шара жүргізілді, – деді Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: