Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ішек инфекциялары бойынша ахуал тұрақсыз

20.05.2022

724 0

Қызылорда облысы көлемінде 2022 жылдың 4 ай қорытындысыменжұқпалы жедел ішек аурулар тобы бойынша «тұрақсыз» эпидемиологиялық ахуал қалыптасып, барлығы 281 жағдайы тіркелген. 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 33,03 құрап, өткен 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30,5%жоғары болып қалыптасуда.
Ағымды жылдың 4 айында барлығы 44 тамақтан улану жағдайлары есепке алынып, аурушандық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,0 есеге, орташа республикалық көрсеткіштен 4,0 есеге жоғары.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары әртүрлі микробтар болуы мүмкін – бактериялар, вирустар.
Ең жиі кездесетін бактериялық ішек инфекциялары – сальмонеллез, шигеллез, иерсиниоз, стафилококк инфекциясы, тырысқақ және вирустық: ротавирус, аденовирус, энтеровирус, норовирус, А гепатиті.
Адам ішек инфекцияларымен текжазда ғана емес, жыл бойы жұқтырып алуы мүмкін. Бұл гигиена ережелерін елемеуден туындайды.
Инфекцияның ең көп тараған көзі – науқас адам.
Құсу, жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея ішек инфекциясының негізгі белгілері болып табылады.
Көп адамдар үшін ішек инфекциясы жеңіл түрде өтеді және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, бірақ адамдардың кейбір арнайы топтары үшін бұл ауру өте қауіпті болуы мүмкін.
Ең алдымен, бұл кішкентай балалар: олардың ағзасы тез сусызданады, бұл асқынулардың дамуына әкеледі.
Сонымен қатар, қарт адамдар, иммунитет тапшылығы бар адамдар және ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар қауіп тобында.
Егер дене қызуы түспесе, құсу 48 сағат ішінде тоқтамаса, нәжісте қан пайда болса, дегидратация белгілері қосымша байқалса тез арада дәрігер шақырту қажет.
Отбасыңызда ішек инфекциясына шалдыққан науқас болса, не істеу керек?
Науқасты оқшаулау керек, жеке ыдыс-аяқ, сүлгі бөлу керек. Бұл сау отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупін азайтады.
Науқасқа күтім жасаған кезде жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау керек, қолды сабынмен және сумен жиі жуу қажет.
Жеке гигиена ережелерін сақтау ішек инфекцияларының алдын алудың негізі болып табылады.
Ішек инфекцияларының алдын алу үшін:

  • тағамды сақтау және дайындау шарттарын бұзбау;
  • пісіру кезінде шикі және пісірілген тағамдар үшін бөлек кесетін тақталар мен ыдыстарды пайдалану;
  • жемістер мен көкөністерді мұқият жуу;
  • дәретханадан кейін, тамақ әзірлеу алдында, жануарларға қол тигізгеннен кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу;
  • асүйді таза ұстау;
  • жүзуге рұқсат етілген су айдындарында ғана шомылу.

Жұлдызай Жансүгірова

Қызылорда облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің
бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: