Дүйсенбі, 02 ақпан, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8 (2220)
31.01.2026
PDF мұрағаты

Энергетикалық сусын жеткіншектерге сатылмайды

02.02.2026

62 0

Фото: ашық дереккөзден

Жалпы энергетикалық сусын дегеніміз – кофе мен шайды қоспағанда, сергіту әсерін көрсететін, құрамында кофеин және оны қамтитын өсімдіктер (өсімдік сығындылары), таурин, гуарана, мате, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер мен олардың сығындылары, қант, минералды заттар, жеңіл қорытылатын көмірсулар, дәрумендер мен дәрумен тәрізді заттар, энергетикалық алмасу субстраттары мен стимуляторлары бар, шамадан тыс тұтынылуы кезінде адам организміне теріс әсер ететін алкогольсіз және алкоголі аз сусын.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды сатуға қатысты бірқатар шектеулер белгіленді. Энергетикалық сусындарды:
1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
2) сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатушының тікелей қатысуынсыз;
3) сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз өткізуге тыйым салынады.
Энергетикалық сусындарды таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 2025 жылы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен іріктеп алынған энергетикалық сусындардың 24 сынамасы зерттеліп, 1 сынамадан таңбалануы бойынша сәйкессіздік анықталды, яғни мемлекеттік тілде ақпараттар берілмеген. Бұл бойынша жедел ден қою шарасы рәсімделіп, сәйкес келмейтін өнім сатылымнан алынып тасталды.
Энергетикалық сусындарды сату кезінде энергетикалық сусындар саудасын жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:
1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;
2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмеген жағдайда, энергетикалық сусындарды сатудан бас тартуға міндетті.
Энергетикалық сусындарды сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Энергетикалық сусындарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады.» деген жазба орналастырылуға тиіс.
Бұл шектеулер халық денсаулығын оларды тұтыну салдарынан сақтауға және инфекциялық емес аурулардың пайда болуының алдын алуға бағытталған.
Осы ретте кәсіпкерлер назарына аталған шектеулерді жауапкершілікпен орындау қажеттілігін еске саламыз.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: