Жұма, 22 қараша, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз

20.07.2022

815 0

 Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері.

Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында кездеседі.

Аурудың жұғу жолдары:
иксод кенелерінің шағуы арқылы трансмиссивті жолмен, кенені жалаң қолмен жұлғанда, қой қырқымы кезінде кенелерді абайсызда қиып жіберу, езіп тастау немесе кененің қаны арқылы терінің зақымдалған бөліктерінен, адамнан адамға КҚГҚ-мен ауырған науқастың қаны арқылы, медициналық көмек көрсету, науқас күтімі кезінде, зертханаларда еңбек қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жағдайда ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының жасырын кезеңі 2-14 күн аралығында, орта есеппен 4-6 күнді құрайды. Науқас адамның қаны арқылы жұққанда 9 күнге дейін қысқаруы мүмкін. Ауру дене қызуының күрт 39-40 градусқа дейін көтерілуімен, қатты бас ауруы, буындардың, бұлшық еттердің ауруы, дененің сырқырауымен сипатталады. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда әлсіреп, жүрегі айнып, құсуы, іш өтуі мүмкін. Сондай-ақ, беті, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктері қызыл-қошқыл түске боялып, қызарады, көзі қанталап, екінші, бесінші күндері қан-тамырлық белгілер пайда болып, ине шаншу орындарында көгерулер пайда болып, қан кетуі мүмкін. Науқастың аурудан жазылуы дәрігерге дер кезінде қаралып, ауруханада стационарлы түрде арнайы ем қабылдаумен тікелей байланысты.

Тұрғындарға берілетін кеңес:

– ♻️Аурудың табиғатқа шыққанда, мал бағу, сою, малды сауу, мал қырқымы, бақша егу, отын-шөп дайындау жағдайларында кене шағу, жабысу, кененің қанымен тікелей қатынаста болу арқылы жұғатындығын ескеру;
– ♻️далалық жұмыстарда, мал шаруашылығында, саяжайда демалғанда кенеден сақтану үшін жабық, жеңі ұзын киім киіп, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып, дененің ашық жерлерін толық жабу. Әрбір сағат сайын денеде кененің бар-жоқтығын қарап, тексеріп отыру;
– ♻️далалық аймақтарға шыққанда кенені жуытпайтын үркіткіш заттарды (репелент) қолдану;
– ♻️мал жүнін қырқу, мал сою кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтап, қолға резеңке қолғап кию;
–♻️ кене шаққан жағдайда кенені жалаң қолмен ұстамау керек, оны қысқашпен қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап, ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартып алып, орнын 5 проценттік йодтың спирттегі ерітіндісімен немесе 70 проценттік спиртпен сүрту қажет. Кене шаққан адам тез арада міндетті түрде медициналық мекемеге қаралып, тиісті медициналық көмек алуы тиіс. 14 күн бойы амбулаторлы түрде дәрігердің бақылауында болып, аурудың белгілері (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшық еттердің ауруы) байқалған уақытта міндетті түрде дереу дәрігерге қаралу;
– ♻️мал басын кенеге қарсы өңдеуден өткізу, кенелердің жұмыртқалайтын орындары мал қораларын қидан, көңнен тазалау, қатты тұрмыстық күл-қоқыстарды арнайы полигондарға шығару қажет.
♻️Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру. Жыл сайын көктемде күзде кенеге қарсы қаржы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
♻️Кене шаққанда аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: