Жұма, 22 қараша, 06:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Коронавирус: Енді маска тақпаймыз

26.03.2022

987 0

Енді бетпердені таққыңыз келсе, өзіңіз үшін тағасыз. Ешкім сізді міндеттемейді. Яғни көпшілік ортада, қоғамдық орындарда және ғимарат ішінде бетперде тағу міндетті емес.

Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия мынандай шешімдер қабылдаған. Оның ішінде үй-жайларда міндетті бетперде тағу талабын алып тастау.

Медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық бетперде тағу міндетін өз күшінде қалдыру;

Адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;

Білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Бетперде шешілді деп босаңсуға болмайды. Коронавирус инфекциясына қарсы егу науқаны ерекше бақылауға алыну керек  және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Әлемді әуре-сарсаңға салған ахуалдан аман шығудың бірден-бір тәсілі бетперде тағып жүру болды. Карантин талаптарын сақтамай маскалық режимді бұзған жандар айыппұл да төледі. Өзіміздің денсау­лығымыз үшін бетімізді тұмшалап, маска тағуды міндет еттік. Екі жыл уақыт ішінде бетперде серігімізге айналды.

Бетпердені шешу бүкіл әлемді алаңдатқан індет елімізде азайғанын айғақтайды. Екі жыл ішінде халық үрейде болды. Пандемия біздің өмір салтымызды өзгертіп қана қойған жоқ, баршамызға ең мықты нәрсе не екенін ұқтырды. Әр адам өзінің және жақындарының денсаулығы үшін алаңдады. Елдік мүддені ортақ қойып, қауіпті індеттен аман-есен шығуды арман еттік.

Елімізде індеттің таралуы  бәсеңдегенімен, арқаны кеңге салып жүретін уақыт әлі келген жоқ. Емделіп жатқандар әлі де бар. Сол үшін де сақтық шараларын ұмтпағанымыз абзал. Бетпердені шешіп, қуанып қалдық. Қалыпты өмірге оралатынымыз анық. Тек сәл шыдасақ болғаны.

 Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: