Жұма, 22 қараша, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Коронавирус гүл арқылы жұға ма?

04.03.2021

1429 0

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың видеосын таратуда. Кадрда ол коронавирустың гүлдер арқылы таралатынын, сондықтан 10 наурызға дейін гүлдерге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынады деп айтқан. Бұл әзіл видео екені анық, бірақ кейбіреулер оны шын деп қабылдаған.

Ролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсірілген, ал дауысы монтаждау барысында қойылған. Видеода КВИ жұқтырудың жаңа әдісі туралы айтқан дауыстың Алексей Цойдікі еместігі анық естіледі. Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды.

«Қазіргі кезде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде коронавирустық инфекцияның таралуының жаңа жолы – гүлдер арқылы берілетіні анықталғаны туралы ақпарат таратылуда. Хабарламада Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік мақсатында 10 наурызға дейін гүл сатып алмауға шақырған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың видеосы пайдаланылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бұл видео жалған», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, COVID-19 адамнан адамға ауа-тамшы жолдарымен жұғады. Вирус жабық және нашар желдетілетін жерлерде тез таралады.

КВИ-дің алдын алудың ең тиімді әдістері – әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тексерілген ресми дереккөздерге ғана сеніп, арандатушылыққа берілмеуге үндейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: