Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Коронавирустың өңірдегі ахуалы қандай?

19.08.2022

787 0

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25691 жағдайы анықталды. Оның ішінде 16808 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8883 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Жыл басынан бері 6257 дерек тіркелсе, тамыз айында 551 инфекция жұқтыру жағдайлары анықталды, оның ішінде 30%-ы 14 жасқа толмаған балалар үлесінде. Соңғы тәулікте 22 жағдай есепке алынды, 11 жағдайында ауру симптомдарымен анықтылды.

Қызылорда қаласы-13

Қармақшы-2

Шиелі-4

Жаңақорған -3

Бүгінгі күні вакцинаның І-компонентімен 516636 қызылордалық екпе алған болса,  ІІ компонентін 510 907 адам алған. 247258адам ревакцинациядан өткен. 19.08.2022 жылғы жағдай бойынша 12-17 жас аралығынлағы 75 192 жасөспірім Пфайзер препаратымен вирусқа қарсы екпе алса, 2794 жүкті әйел және лактация кезеңіндегі 7091 әйел вирусқа қарсы иммунитетін күшейтіп алды.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға өз септігін тигізеді.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: