Бейсенбі, 28 қараша, 21:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Күн жаманы кетер

21.04.2021

1951 0

Дүниежүзін әбігерге салған дерт дендеп барады. Бұдан арылудың жалғыз жолы отбасында оқшаулану. Бұған дейін дәрігерлер атап айтқандай, екпе ектіру аурудың ауылын алыстатады. Алайда ағайын әлі де болса салғырттық танытып келеді.

Облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгін біздің өңір «қызыл аймаққа» өткені жөнінде жариялады. Бұл барша Сыр жұртшылығының қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, сақтану жолдарын күшейту керектігін көрсетіп отыр. Ендеше ел болып ұрпақ пен ұлт алдында жанашырлығымызды танытайық. «Отан – отбасынан басталады» деп білсек барлығымыз бетперде тағып, антисептик қолданып жүрейік жерлестер.

Былтыр ғана өкпеге қимайтын небір абтал азаматтарымыз осы індеттің кесірінен өкпесі қабынып, тынысы тарылып арамыздан алыстап кете барғанын білесіздер. Ендеше елім, жұртым әрбіріміздің жұмысымыз бөлек болғанымен тынысымыз бір екенін естен шығармайық.

Еңселі Еуропаның өзін есеңгіретіп жіберген жаман індеттің іргемізден аулақ болуы арақашықтық сақтауымызға тікелей байланысты. Сондықтан Сыр елін сақтыққа шақырып, індетті үдетіп алмауға үндеймін.

Халқымызда «Күн жаманы кетер» деген даналық сөз бар. Алда әлі талай тойымызда тойлаймыз. Әзірге ойын-тойды доғара тұрайық. Сыр өңірі сақтыққа салғырттық танытпайды деп сенемін.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: