Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күзде қандай өнімдер жеу керек?

17.10.2022

595 0

Қыста жемістер мен көкөністер қымбаттайды, ал кей түрлері сатылымда сирек кезедесетін болады. Ал қазір күзгі маусымдық өнімдерге таңдау көп. Олардың бағасы тиімді әрі ағзаға өте пайдалы. Рационыңызға мына өнімдерді қосуға кеңес береміз.

Асқабақ

Қазір асқабақтың маусымы. Ол бета-каротинге бай: ағзада одан А дәрумені синтезделеді. Асқабақтың бір порциясында бета-каротиннің екі күндізгі нормасы бар. А дәрумені жалпы қатайтушы әсер береді, жұқпалармен күрсеуге көмектеседі және ағзаны тонуста ұстайды. А дәрумені майда еритіндерге жатады, сондықтан оны тамақта май көзімен үйлестірген жөн: өсімдік майы немесе кілегей.

Қызылша

Күзгі ең пайдалы көкөністің бірі — қызылша. Оның құрамында бор, марганец, темір  және тағы да басқа көптеген элементтер бар. Бұл элементтер қантүзілім үшін қажет және олар зат алмасуды реттейді. Қызылша іш қату және басқа да ішектер проблемасы кезінде пайдалы. Қызылшаны шикілей жеу ұсынылады, сол кезде ағзаға ондағы пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер көбірек түседі.

Інжір

Жаңа піскен інжір қыркүйекте пайда болып, қазан бойы қуантады. Ол өте дәмді және пайдалы. Зімбір жасұныққа бай, сондықтан ол ұзаққа дейін тоқ жүруге көмектеседі. Бұл салмағын бақылауда ұстайтын адамдар үшін пайдалы. Сондай-ақ ол темірге бай, сондықтан оны анемиямен күресетін адамдар өз рационына қосу керек. Інжірді жаңа піскен де, кептірілген де түрінде алуға болады. Оны өзін немесе салаттарға қосып жеуге болады. Ол жұмсақ ірімшіктермен жақсы үйлеседі.

Зімбір

Зімбір тамыры жыл бойына қолжетімді. Бірақ күзде оған аса мән беру керек. Себебі ол иммунитетті қатайтатын ең жақсы өнім саналады. Зімбір тұмаумен күреседі. Ол С, А және В тобы дәрумендеріне бай. Бірақ зімбірді жүрек аурулары (инсульт, инфаркт), гастрит, асқазан жарасы кезінде қолдану ұсынылмайды.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: