Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда Латвиямен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

02.12.2024

22 0

Осы жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвияның Рига медициналық колледжімен Еуроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын.

Соның аясында бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Жасұлан Болатбекұлы және Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Жанар Амангелдіқызы Латвияда өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияда колледж директоры Жанар Амангелдіқызы Словакия, Молдавия, Болгария т.б. елдердің медицина мамандары алдында баяндама жасады.

Іссапар барысында Олжас Ермекұлы бастаған конференцияға қатысушылар Латвияның емдеу мекемелерінде тәжірибе алмасты. Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесіп, медициналық бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Меморандум бойынша медицина колледжінің білім алушылары ІІ жартыжылдықта академиялық ұтқырлық аясында Рига медициналық колледжінде оқуын жалғастырмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: