Сейсенбі, 19 тамыз, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

ЛОР-инфекциялар МӘМС аясында қалай тегін емделеді

19.08.2025

58 0

Маусымдық аллергия тек көктем мен жазда ғана емес, күз айларында да жиі кездеседі. МӘМС жүйесі аясында ЛОР-инфекциялар қалай емделетіні туралы – пациенттің оқиғасында.

Қызылорда қаласының тұрғыны Айнұр «Мед Ай-Ерке» клиникасына тіркелген. Учаскелік дәрігерден жолдама алып, мұрынның бітелуі, жиі түшкіру, бас ауыруы секілді шағымдармен отоларингологқа жүгінген. Диагноз – ринит. Пациентке заманауи ЛОР-комбайн арқылы қажетті ем жүргізілді.

–Мұрынды жуғаннан кейін бірден жеңілдеп қалдым. Дәрігер тамақ пен құлақты да тексерді. Өйткені, бәрі бір-бірімен байланысты. Сонымен қатар, УДЗ, ЭКГ тексерулерінен өттім, үнемі талдауларды тапсырамын. Осы қызметтердің бәрін МӘМС аясында тегін, жылдам әрі сапалы түрде аламын, – дейді Айнұр.

Дәрігерлердің айтуынша, құлақ, мұрын және тамақ ауруларын алғашқы белгілерінен бастап емдеу керек. Қазіргі таңда ЛОР-кабинеттер заманауи құрылғылармен жабдықталған, бұл диагностика мен емнің тиімділігін арттырады.

 – ЛОР-комбайн тексеру жүргізіп қана қоймай, бірден ем жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, құлағынан ірің ағатын немесе күкірт тығындары бар науқастарға құлақты тазалап, қабынудың себептерін анықтаймыз. Қажет болған жағдайда МӘМС аясында стационарлық емдеуге жолдаймыз, – деді «Мед Ай-Ерке» клиникасының отоларинголог дәрігері Жанар Шора.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: