Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС аясында ашық жүрекке операция тегін жасалады

29.11.2023

627 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мен емдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Қызылорда қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханада кардиологтар ашық жүрекке қымбат ота жасауда.

Шиелі ауданының тұрғыны Сүлеймен Әбдіраманов ентігу, шаршау шағымдарымен дәрігерлерге жүгінген. 53 жастағы ер адам жүрегінің митральды қақпақшасының дұрыс жұмыс істемейтінін білмеген. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Қазір оның денсаулығы әлдеқайда жақсы.

«Жүрегім бір жыл бойы мазалады, бірақ дәрігерлерге бармадым. Жүрегіме ота жасады, қақпақты ауыстырды, ол қымбат. МӘМС-те сақтандырылғанмын, тегін емделемін. Дәрігерлерге мың алғыс», – дейді Сүлеймен Әбдіраманов.

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Берік Даутбаев атап өткендей, жыл сайын облыстық ауруханада жүрекке үш жүзге жуық ота жасалады. Сондай-ақ, екі мыңнан астам коронарография, оның ішінде сегіз жүз стенттеу. Жүрекке ота – ең қымбат медициналық қызметтердің бірі. Шұғыл жағдайларда бұл оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ҚР барлық азаматтарына тегін жасалады.

«Науқас бұрын диспансерлік есепте тұрмаған, оған жүректің ревматикалық ауруы диагнозы қойылған. Ашық жүрекке ота жасалды. Тозығы жеткен митральды қақпақшаның орнына американдық биологиялық қақпақ орнатылды. Науқастың денсаулық жағдайы жақсы, ентігу жоқ. Бұл МӘМС аясында жасалатын құны 3,5 миллион теңге тұратын қымбат ота», – деді Берік Дәуітбаев.

Жыл басынан бері КОА-ның кардиохирургиялық орталықта 2 771 адам ем қабылдаған. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3,3 млрд теңге бөлінді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: