Жұма, 22 қараша, 20:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелердің тізімін қайдан көруге болады

22.12.2022

665 0

сурет ашық дереккөзінен алынды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан барлық медициналық ұйымның тізімін fms.kz (сілтеме – https://fms.kz/kz/) ресми сайтынан таба аласыз. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ӘМСҚ филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова хабарлады.

Медициналық қызметтің жекелеген түрлері бойынша тізім «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ жеткізушілері» бөлімінде орналастырылған.

  • КТ және МРТ, сандық рентгенография жеткізушілері
  • ПТР-тестілеуді жеткізушілер (биоматериал емхана арқылы жіберіледі)
  • Стоматологиялық клиникалар (азаматтардың жекелеген санаттары үшін)

Жалпы тізім «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау» бөлімінде орналасқан. Осы жерде тұрғылықты аймақты және қызметті таңдайсыз. Бұл:

  • Консультациялық-диагностикалық көмек
  • Тәуліктік немесе күндізгі стационардағы мамандандырылған медициналық көмек
  • Жоғары технологиялық медициналық көмек
  • Медициналық оңалту
  • Бағдарламалық диализ болуы мүмкін.

МӘМС мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: