Дүйсенбі, 25 қараша, 08:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

МӘМС – әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі

16.11.2022

527 0

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмағандардың қатарында Қызылорда облысының 35 мыңнан астам жалдамалы қызметкері бар. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесулерде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘМСҚ) облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Қармақшы ауданында 4,5 мыңға жуық, Жалағаш ауданында 5 мыңнан астам, Сырдария ауданында да осыншама тұрғын сақтандырылмаған. Жалпы, МӘМС жүйесінен тыс өңірдің 135 мыңға жуық адам бар.

Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, негізінен ауыл тұрғындары 12 ай бойы МӘМС үшін жарна төлемеген. Сондай-ақ бірқатар мектептердің, балабақшалардың, жеке ұйымдардың қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесінен тыс қалды. Мәселен, Сырдария ауданында сақтандырылмаған тұрғындардың жартысына жуығы – жалдамалы қызметкерлер. Себептердің қатарында: бухгалтерлердің демалыс кезінде қызметкерлерге МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды дұрыс есептемеуі, жұмыс берушілермен еңбек шарттарының болмауы, осыған байланысты МӘМС-ке аударымдар жүргізілмеген.

МӘМС -  әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әр азаматтың өз денсаулығы, жақындарының денсаулығы үшін әлеуметтік жауапкершілігі. Бұл қаржыландырылатын жүйе емес, ұлттың жалпы генофондтың қоры. МӘМС жүйесі халықтың барлық топтарына жоғары технологиялық, қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған», – деп атап өтті ӘМСҚ облыстық филиалының директоры.

Бақыт Исмаханбетов ауыл тұрғындарын МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтардың қатарында болуға шақырды. Егер сізге медициналық қызмет көрсетуден бас тартылса, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: