Сәрсенбі, 27 қараша, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

МӘМС-ке уақытында төленбесе, «сақтандырылған» мәртебе сақтала ма? 

10.07.2023

455 0

Жүкті, жұмыс істемейтін әйелге «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болады? МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі неше ай қолжетімді? Осы және басқа да сұрақтарға біздің тілшімізге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.

Біздің жұмысымызда барлық міндетті төлемдер кешіктіріліп төленеді. Мысалы, наурыз айы үшін тек сәуірде түседі. Сұрайын дегенім ай сайын уақытында төленбесе, мәртебем сақтала ма? 

Сіз бірыңғай жиынтық төлем туралы естіген шығарсыз. Иә, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ны уақтылы төлеуі керек. Себебі келесі айға төлем жасалмаған жағдайда мәртебесінен айрылады. Азаматтар бұл төлем түрін өткен айларға төлей алмайды.

Қызметкерлерге арналған жарналарға келетін болсақ, олар (БЖТ-ны қоспағанда, төлеушілердің басқа санаттары сияқты) соңғы төлем күнінен бастап 3 ай бойы сақталады. Егер жұмыс беруші ақпан айына жарна төлеген болса, онда сіздің МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз шартты түрде мамырға дейін сақталады. Осы уақыт аралығында жұмыс беруші ҚР заңнамасында көзделген төлемдерді жүзеге асыра алады. Осылайша, сәуір айында наурыз айындағы жарналарды төлеген кезде мәртебеге әсер етпейді.

Мен жүктімін, есепте тұрмын. Жеңілдік санатына кіретін адам ретінде сақтандырылғанмын. Бірақ декреттік төлемдерді алу үшін БЖТ төледім, қазір жүйедегі мәртебем «сақтандырылмаған». Неліктен бұл орын алды және мәртебені қайтадан алу үшін не істеу керек?»

МӘМС жүүйесінде жеңілдік санаты «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» деп аталады. Олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл санатқа ресми түрде жұмыс істемейтін және соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түспеген әйел кіре алады. Егер әйел ресми түрде жұмыс істесе, онда декреттік демалысқа шыққаннан кейін жұмыс беруші ол үшін жарналар мен аударымдарды төлеуді тоқтатады. Және ол «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар» жеңілдікті санатына енгізіледі. Бұдан әрі ол мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады.

БЖТ-ға келетін болсақ, салық заңнамасы бойынша оны ресми жұмысқа орналаспаған, тіркелген ЖК-сі жоқ, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар төлейді. Бірыңғай жиынтық төлем бірнеше төлемдерді қамтиды: БЖТ – ның 10% – ы жеке табыс салығын, 20% – ы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, 30% – ы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, 40 % – ы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды құрайды. БЖТ-ны қандай да бір табыс алатын азаматтар төлейді. Яғни, егер жүкті әйел БЖТ төлесе, онда ол жұмыс істейді деп саналады.

Жеңілдік санатына қайта оралу үшін екі ай бойы БЖТ төлемеу керек. Содан кейін ғана  жүкті әйел жұмыссыз ретінде сақтандырылған мәртебесін алады.

Мысалы, егер БЖТ наурыз айында төленген болса, жеңілдік мәртебесін алу үшін сәуір және мамыр айларына төлемдер болмауы тиіс. Жеңілдік мәртебесі маусым айында беріледі. Бала туылғаннан кейін жұмыс істемейтін әйел басқа жеңілдік санатына енеді-үш жасқа дейінгі балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.

Екінші нұсқа бар. БЖТ төлемін ай сайын жалғастыруға болады, сонда әйел жеңілдікті санатқа енбейді, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде сақтандырылған мәртебесін алады.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат 6 ай бойы бірыңғай жиынтық төлем төлеген соң, келесі айды төлеуді ұмытып кетті делік. Ол өткен ай мен ағымдағы айды төлеп, сақтандырылған мәртебесін сақтап қала ала ма? 

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер өткен айларға төлем жасай алмайды. Себебі салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төленген кезеңнің соңғы күніне дейін қолданылады. БЖТ төлеушілерге сақтандырылған мәртебесі  3-ші айда беріледі. Мысалы, егер азамат БЖТ-ны төлеуді 2023 жылдың шілдесінде бастаса, онда ол 2023 жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айлары үшін БЖТ төлеп, қыркүйек айында мәртебе алады. Қазан айында төлем жасамаса, мәртебесін жоғалтады. Сол себепті БЖТ-ны алдын ала төлеп отырған абзал.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: 1414 байланыс орталығы, fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegramдағы SaqtandyryBot.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: