Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС: Медициналық қызмет бойынша 59 мыңға жуық ақау анықталды

14.01.2021

1344 0

Өткен жылы қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 59 мыңға жуық ақау анықталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

2020 жылы халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 58,7 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 446 млн теңгеден асты.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 60,9 млн теңге болатын 47,6 мыңнан астам осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 4,9 мың ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 3,9 мың кемшіліктер және де басқа да 2,3 мыңдай ақаулар анықталды.

Жыл басынан сарапшылар нақты көрсетілмеген қызметтердің 288 – нен астам жағдайын анықтады, олар пациенттер медициналық қызметті алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 3,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

МӘМС: Медициналық қызмет бойынша 59 мыңға жуық ақау анықталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: