Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС: өзекті сұрақтарға жауаптар

14.06.2023

740 0

Медициналық сақтандыруға қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады? Егер жұмыс беруші қызметкер үшін МӘМС-ке төлемдерді жасамаса не болады? Осы және өзге де сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.

Мен жеке меншік иесімен жұмыс істеймін, бірақ ол мен үшін тиісті жарналар мен аударымдар жасамайды. Шұғыл түрде МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмек алуым қажет, шешімі бар ма?

Егер жұмыс беруші сіз үшін міндетті тұрақты жарналар мен аударымдар жасамаса, онда ол Еңбек, әлеуметтік және салық саласындағы заңнаманы бұзады және бұл үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу үшін сізде сақтандырылған мәртебе болуы керек. Ол үшін көрсетілген қарызды төлеу керек немесе 12 ай бұрын алдын ала төлеу керек.

Егер адам басқа ЖСН -ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректер қате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?

МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет. Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайын gov4c.kz сайтынан табуға болады. Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады.

Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды: өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе; өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілген түрінде жазылмаса; өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе; өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе; егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса; егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса; егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе (немесе шетел азаматының отбасы мүшесі).

Жүкті әйел жұмыс істемесе, МӘМС жарнасын төлеу керек пе және қанша төлейді? Бала туылғаннан кейін қалай болады?

Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлемесе, онда ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Егер әйелдің МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, онда ол учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады. Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: