Сәрсенбі, 30 шiлде, 04:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

МӘМС: Қызылорда облысында 2 миллионнан астам консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетілді

29.07.2025

75 0

2025 жылдың басынан бері Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 2 миллионнан астам консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаржының едәуір бөлігі мамандандырылған стационарлық көмек пен жоғары технологиялық оталарға бағытталған.

Есепті кезеңде облыс бойынша жалпы сомасы 385 миллион теңгені құрайтын 61 жоғары технологиялық оталар жасалған. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 10 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. Жыл соңына дейін жалпы 144 күрделі операцияны қаржыландыру жоспарлануда.

МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап  онкологиялық скринингтер ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады.

Бұған қоса, бұрын тек туберкулез бен АИТВ-ға ғана тегін тексеру жасалса, енді оған қоса  созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, орфандық аурулар, жедел миокард инфаркті, инсульт ауруларына күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетілетін болады.

Ал, 2026 жылдан бастап МӘМС-тің базалық пакетіне амбулаторлық диализ, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек кіреді.

Қор филиалының мәліметінше, жыл басынан бері стационарлық жағдайда 105 522 науқас ем қабылдаған. Оның ішінде 86 189 адамға көмек МӘМС есебінен көрсетілсе, қалғаны тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында емделген. Ал күндізгі стационарда 16 мыңнан астам тұрғын ем алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: