
2025 жылы Қызылорда облысының 68 медициналық ұйымы стоматологиялық қызмет көрсетуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасты.
Жоспарлы стоматологиялық көмекті тек балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алады.
Қатты ауырсыну кезінде шұғыл стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар пациенттер, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар ала алады.
Пациенттер осы медициналық ұйымдарға жолдамасыз тікелей жүгіне алады.


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!