Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС: Қызылордада коронавирустың алдын алуға қанша қаржы бөлінді?

23.12.2020

970 0

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Сovid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына 7 638 089,3 мың теңге бөлінді, оның ішінде 11 айда 6 003 685,2 мың теңге игерілген.

Шығындардың басым бөлігін, яғни 2 833 555,5 мың теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақылар құраған.

«Наурыздан желтоқсанға дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 1 620 782,8 мың теңге жұмсалды, онда 4 056 адам карантиндік оқшаулау мен қажет болған жағдайда емделуден өтті. Сол кезеңде инфекциялық стационарларда 21 580 пациент емделді. Амбулаториялық және стационарлық жағдайда Сovid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге барлығы 742 691,6 мың теңге жұмсалды. Мобильді топтардың қызметін төлеуге 178 850,0 мың теңге бөлінді. ПТР диагностикасын жүргізуге 627 805,3 мың теңге бөлінді. ПТР-тестілеуден барлығы 55 235 адам өтті», – дейді Бақыт Исмаханбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: