Қызылордадағы көп бейінді облыстық ауруханада құрсақ қуысы артындағы үлкен түзілімді алып тастау бойынша ота жасалды.
56 жастағы Алтынбек Фазылов соңғы бес жылда бүйрегіндегі түзілімді алып тастау үшін үш мәрте ота жасатқан. Жуырда облыстық аурухананың хирургтері құрсақ қуысы артындағы 25 сантиметрлік түзілімді алып тастады. Пациент сауығып, әрі қарай емін жалғастыруда.
– Белім ауырып, аяқтарым қатты ісіп, басқа да белгілер мазалады. Отадан кейін жақсымын. МӘМС жүйесі аясында емді тегін алып жатырмын. Хирургтер Жасұлан Баймахановқа, Ербол Серікұлына, Асет Жалмағанбетовке және медбикелерге мың алғыс, – дейді Алтынбек Фазылов.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте сирек кездесетін түзілім. Мұндай жағдай барлық бүйрек ауруларының тек 1%-ында ғана кездеседі.
– Егер пациент емін дұрыс жалғастыратын болса, болашақта қайтадан түзілім пайда болмайды. Мұндай отаның құны – 310 мың теңге. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылады. Мысалы, көршілес Өзбекстанда мұндай отаның 90%-ын науқастың өзі төлейді, – дейді көп бейінді облыстықаурухана директорынің орынбасары ЕрболСерікұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!