Сенбі, 22 ақпан, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін қалай жоғалтпауға болады?

21.02.2025

95 0

Бір айдан аса еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеген жағдайда МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қатарынан шығып қалуыңыз мүмкін екенін білесіз бе? МӘМС жүйесінде қызметкерде төлемдері толық болмаған жағдайда не істеу керек? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында МӘМС жүйесіне жарна төлеушілер арасында жиі кездесетін сұрақтарына жауап берді.

Мен ресми жұмыс істеймін, бірақ жұмыс берушім  мен үшін төлем төлей алмайды, төлемдер кері қайтып келеді. Бұл немен байланысты?

Қызметкер үшін төленген қаражат жұмыс берушіге келесі жағдайларда кері қайтарылуы мүмкін:

1) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің құжаттары (жеке куәліктің) ауысқан болса;

2) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің деректері дұрыс енгізілмеген болса (ЖСН, ТАӘ-дегі қателер);

3) егер қызметкердің жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылатын қандай да бір жеңілдікті санатқа кірсе:

  • балалар;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар.

Яғни, егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, жұмыс беруші сіз үшін жарналар мен аударымдарды төлемеуі керек.

Мен жұмыс істеймін, бірақ емханаларға барған кезде МӘМС-те мәртебем жоқ екенін білдім, дегенмен ұйым барлық төлемдерді уақытында жасайды. Мен екі ай ауруханада болған кезде жарналар бойынша алшақтық пайда болды. Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек?

Егер қызметкер бір айдан астам уақыт еңбекке жарамсыз болған кезде, жұмыс беруші әдетте жұмыс күндері болған айда төлемдер жасайды. Еңбекке уақытша жарамсыздықтың келесі кезеңінде қызметкер табыс алмайды, сондықтан салық салынатын базаның болмауына байланысты міндетті төлемдер жүргізілмейді. Осы кезеңде берешек туындауына жол бермеу үшін қызметкер МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде төлеуі қажет.

Мен жұмыс істеймін, бірақ ресми жұмыс орналасқан сәттен бері 8 ай ғана өткендіктен, сақтандырылған мәртебем жоқ. Маған қазір бейінді дәрігердің консультациясы әрі ем алуым қажет. Маған не істеу керек?

Сақтандырылған мәртебесі өткен 12 немесе алдағы 12 ай үшін ай сайынғы төлемдер болған кезде беріледі. Демек, бұл жағдайда сақтандырылған мәртебесін екі жағдайда ала аласыз:

1) өткен 12 айдың ішінде жетіспейтін 4 ай үшін (әрқайсысы үшін 4250 теңгеден) дербес төлеуші ретінде жарналар төлеу қажет;

2) жұмыс берушіден жарналар мен аударымдар түсуін, оның қорытындысы бойынша қатарынан 12 төлем алу үшін 4 айдың өтуін күтіңіз.

Қызметкер қазір медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан, мәртебе алу үшін бірінші нұсқаны таңдағаны жөн.

Мен мұғалім болып жұмыс істеймін және 56 күндік демалысым бар. Мәртебемді жоғалтпау үшін менің ұйымым МӘМС төлемін қалай төлеуі керек?

Ұзақтығы бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңін қамтитын табысты есептеу (есептеу) кезінде аударымдар мен жарналар демалыс күндерінің санына барабар есептелген айлар бойынша бөлініп, демалыс кезеңін қамтитын табыстың біржолғы есептелген сомасынан аударылады.

Яғни, егер демалыс бірнеше айды қамтыса, төлемдерді МӘМС-ке тиісінше кезеңдер бойынша бөлу қажет.

Мысалы, қызметкер маусымның аяғынан тамыздың басына дейін демалыста болады. Бұл жағдайда бухгалтер төлемдерді бір емес, үш түрлі кезең үшін – маусым, шілде және тамыз айларындағы демалыс күндеріне пропорционалды түрде есептеп, төлеуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС мәртебесін Қордың сайты https://msqory.kz/, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot арқылы тексеруге болады. Сондай-ақ, келесі мобильді қосымшалармен қарай аласыз:

•          Qoldau 24/7

•          Damumed

•          Halyk

•          BCC.KZ

•          Kaspi.kz

•          Freedom SuperApp

•          Bereke bank.

            Бұдан бөлек, egov.kz сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі қолжетімді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: