Дүйсенбі, 28 шiлде, 23:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы айтылды

28.07.2025

82 0

Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, базарларда және сауда үйлерінде өткізілген көшпелі кеңестер барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары «МӘМС туралы» Заңға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне келесі негізгі өзгерістер енгізілді:

– Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС біріктіретін Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі;

– «Сақтандырылған» мәртебесін алу тетігі жеңілдетіледі. Егер азамат 5 жыл қатарынан жарна төлесе, оның мәртебесі 6 айға дейін сақталады (3 айдың орнына);

– 2026 жылдан бастап әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыздар үшін жарнаны жергілікті бюджет төлейтін болады;

– Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі;

Бұл өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің әділдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: