Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі, оның ішінде 6-уы аумақтық департаменттермен жүзеге асырылады. Соның бірі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты – жеке тұлғаның біліктілігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі толық автоматтандырылған, «электрондық үкімет» (ww.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы ақысыз негізде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Барлық талаптар орындалған жағдайда маман сертификаты беріледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және олардағы деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш беріліп отырған мамандық немесе мамандану бойынша тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы бас тартуға негіз болып табылады.
Ағымдағы жылдың 13 қазанынан халықтың санитариялық-эпмидемиологиялық саламаттылығы саласында сертификаттауға жататын мамандықтар тізбесіне қатысты жаңа түзетулер күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі – «Медициналық-биологиялық іс», «Зертханалық диагностика», «Санитариялық фельдшер» сияқты бейінді және сабақтас бағыттағы мамандар енді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын ала алады. Бұл түзетулер кәсіби сертификаттауға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кадрлық резервін кеңейтуге, сондай-ақ бейінді мекемелердің білікті кадрлармен жасақталу деңгейін арттыруға бағытталған. Енді осы бағыттар бойынша мамандар өз біліктіліктерін ресми растай алады, сертификат алады және тиісті салада кәсіби қызметке жіберіледі.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!