«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен көрсетіледі. Бұл қызмет жеке тұлға біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындықты қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын айқындау болып табылады. Ал денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты – жеке тұлғаның біліктілігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат болып табылады.
Сертификаттауға тек белгіленген талаптар бойынша білім мен дағдыларды, кәсіби даярлықты бағалаудан өткен жеке тұлғалар жіберіледі және ол мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі толық автоматтандырылған, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ақысыз негізде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Барлық талаптар орындалған жағдайда маман сертификаты беріледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 жылдан астам үзілісі бар мамандар маман сертификатын алу үшін өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 180 сағат біліктілікті арттырудан және Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өтеді.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білімі бар мамандар сертификаттың қолданысын растау үшін қосымша білім беру қағидаларына сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 120 сағат біліктілікті арттырудан өтеді.
Қызылорда облысы бойынша 2025 жылы келіп түскен өтініштердің барлығы Департамент мамандарымен зерделеніп, 101 сертификат беріліп, заңнамада көрсетілген негіздер бойынша 33 өтінішке дәлелді бас тарту жасалды.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!