Жұма, 21 ақпан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Маман сертификатын алу үшін қандай талаптарды білу керек?

19.02.2025

283 0

Сурет: webinar.mcfr.kz

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі, оның ішінде 6-уы аумақтық департаменттермен жүзеге асырылады. Соның бірі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты – жеке тұлғаның біліктілігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі толық автоматтандырылған, «электрондық үкімет» (ww.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы ақысыз негізде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Барлық талаптар орындалған жағдайда маман сертификаты беріледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш беріліп отырған мамандық немесе мамандану бойынша тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы бас тартуға негіз болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылы 94 сертификат беріліп, 25 дәлелді бас тарту болды. 2025 жылдың қаңтар айында 13 өтініш келіп түсті. Барлығы Департамент мамандарымен зерделеніп, 10 сертификат берілді, қалған 3 өтінішке заңнамада көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жасалды.

Гүлмира Сыздықова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: