Сейсенбі, 21 қазан, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Медицинадағы серпіліс: көру қабілетінен айырылғандар қайта көре бастады!
Жаңа технология үміт сыйлады.

21.10.2025

111 0

Фото: pixabay.com

Ғалымдар алғаш рет жасанды имплант арқылы көру қабілетінен айырылған адамдардың көзі қайтадан көре бастағанын хабарлады. Жаңа технология медицинада бұрын емделмейтін соқырлық түрін жеңуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Электрондық имплант алғаш рет емделмейтін соқырлық түрімен ауыратын науқастарға көру қабілетін қайтарды.

Бүгінге дейін адамдардың жасына байланысты макулодистрофияны емдеу әдісі болмаған.

Макулодистрофияның құрғақ түрімен ауыратын науқастар Prima атты электрондық имплант орнатылғаннан кейін қайтадан әріптер мен сөздерді оқи алатын мүмкіндікке қол жеткізген. Бұл туралы Лондонда орналасқан Moorfields Eye Hospital дәрігерлері халықаралық клиникалық зерттеу нәтижелерінен кейін хабарлады, деп жазады The Guardian.

Имплант көздің тор қабығының астына енгізіледі. Операция екі сағатқа да жетпейді. 

Оны Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Нидерланд елдерінен 38 науқасқа сынақтан өткізген. 

Зерттеуге қатысушылардың барлығы да бұрын жасқа байланысты макулодистрофияның (құрғақ түрі) салдарынан, яғни географиялық атрофия нәтижесінде, орталық көру қабілетін толық жоғалтқан адамдар болған.

Клиника деректеріне сәйкес, имплант орнатылған науқастардың 84%-ы оңалту кезеңінен кейін қайтадан әріптер мен сандарды көріп, сөздерді оқи алған. Бұған дейін ешбір жасанды көру құрылғысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

Пациенттерге қосымша бейнекамерасы бар AR-көзілдірік және белдікке тағылатын шағын компьютер беріледі. Бұл құрылғы бейнені өңдеп, оны инфрақызыл сигнал түрінде чипке жібереді. Нәтижесінде тор қабығында сақталған жасушалар мен көру жүйкесі белсендіріліп, адам қайта көру қабілетіне ие болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: