Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Медициналық қалдықтарды бақылау

20.08.2024

150 0

Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі медициналық қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе қоғам арасында инфекцияның таралу қауіпі орын алады.
Сондықтан облыс көлемінде емдеу мекемелерінде пайда болған медициналық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған жеке және мемлекеттік мекемелер келісім шарт бойынша жұмыс жасайды.
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою бойынша жұмыстармен айналысатын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру маңызды. Бұл мақсатта санитариялық ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Атап айтқанда, 2024 жылдың 6 айында Департамент мамандарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 14.03.2024 жылғы № 2 бірлескен бұйрығы негізінде облыс орталығында орналасқан бірқатар медициналық ұйымдарда «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды тиімді ұйымдастыру және жүргізудің өзекті мәселері» тақырыбында облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Облыс көлемінде медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және қауіпсіз жою сұрақтары бойынша барлығы 39 семинар ұйымдастырылып, оған 1195 қызметкер қатысқан.
2024 жылдың І-жартыжылдығында облыстағы денсаулық сақтау объектілеріне медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және жоюдағы санитариялық қағидалардың сақталуына талаптарға сәйкестікке тексерулер жүргізілген жоқ, прокуратураның ұсынысымен жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғалардың жауапкершіліктері қаралды.
Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық Басқармалардың тұрақты бақылауында және проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп тұрақты түрде қаралып, талқыланады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: