Сейсенбі, 04 ақпан, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Медициналық қалдықтардың айналымы бақылауда

04.02.2025

6 0

Сурет: coko1.ru

Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмеген жағдайда аурудың қайталама берілуіне үлкен қауіп төндіреді.
Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда пайда болған медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау нысанында қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Аймақтағы медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды уақытша жинауға арналған үй-жайлар санитариялық қағидаларға сәйкес жабдықталған.
Аймағымызда облыстық медициналық орталықта медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында және ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалында медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғы (муфельді пеш) жұмыс істейді.
Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан қалған медициналық мекемелерде қалдықтар жекеменшік ұйыммен келісімшарт негізінде тасымалданып, жойылады.
Медициналық қалдықтар бес сыныпқа бөлінеді:
А сыныбы – қауіпті емес қатты тұрмыстық қалдықтар;
В сыныбы – эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар;
В сыныбы – эпидемиологиялық аса қауіпті қалдықтар;
Г сыныбы – токсикологиялық қауіпті қалдықтар;
Д сыныбы – радиоактивті қалдықтар.
Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы мамандарының тұрақты бақылауында және проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп, тұрақты түрде қаралып, талқыланады. Сондай-ақ Облыстағы медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және қауіпсіз жою бойынша жауапты қызметкерлер арасында ақпаратттық-түсіндірме жұмыстары жүйелі жүрізіледі.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: