Жұма, 22 қараша, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Медициналық сақтандыру жүйесінде уақытша мәртебені қалай алуға болады?

25.04.2023

729 0

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Бұл зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер және т. б. Тізіммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) ресми сайтында осы https://fms.kz/kz/o-medstrakhovanii/infografika/31374/ сілтеме бойынша танысуға болады. Егер сіз жеңілдік санатына жататын болсаңыз, бірақ жүйедегі мәртебеңіз «Сақтандырылмаған» болса, бұл жағдайда не істеу керек? Осы сауалмен біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке жүгіндік.

Бақыт Исмаханбетов түсіндіргендей, уақытша сақтандыру мәртебесін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген кезде немесе өз бетінше алуға болады. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері Қызылорда облысынын 130-дан астам тұрғыны МӘМС-да уақытша сақтандыру мәртебесіне ие болды.

Емханаға жүгінген кезде медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы Қорға жібереді (қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады). Содан кейін Қор 1 (бір) айға сақтандыру мәртебесін береді. Пациентке сақтандырылған мәртебе берілгені туралы хабардар етіледі.

Медициналық ұйымға бармай-ақ, өз бетінше, сіз МӘМС-да уақытша мәртебе ала аласыз. Сондай – ақ, жоғарыда айтылғандай, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы Қорға растайтын құжаттың фотосуретін жіберіңіз. Сізге бір айға «Сақтандырылған» мәртебесі берілгеннен кейін тиісті хабарлама жіберіледі.

Бір ай ішінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетінің қызметтері қолжетімді болады. Сондай-ақ, бұл мерзім пациентке өзінің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру немесе медициналық сақтандыру бойынша қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Мәртебенізді ресми қызметтер арқылы тексеріп отыруыңыз керек – ӘМСҚ-дың fms.kz сайтында, «Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасында, Telegram-да SaqtandyryBot-та, «Электрондық үкімет» порталында – https://egov.kz/ / (мемлекеттік қызмет -«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру»).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: