Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында «Адам қауіпсіздігі институты» Қызылорда облысының медициналық мекемелерін 2018-2023 жылдар аралығындағы МS SOS жүйесінің үздік қолданушылары ретінде қарастырғандығы себептi медицина ұйымы басшылары және ішкі аудит пен сапа бойынша орынбасарларының қатысуымен жиын ұйымдастырылды.
Жиында "Медициналық SOS" жүйесінің жасалған жұмыс қорытындысымен таныстырылды.
Сондай-ақ, жүйе қолданушылары шеңберінде үздік тәжірибелер баяндалып, ұсыныстар мен ескертулерді анықтау, медициналық мекемелердің ішіндегі науқастардың қауіпсіздік деңгейі төмен секторларды анықтау, анықталған мекемелерге толық сараптама жасауға бағытталған іс-сапар кестесін құру бағыты бойынша айтылды.
Оған қоса "Адам қауіпсіздігі институты" мен Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының арасында серіктестік Меморандумына қол қойылып, тегін түрде цифрландыру бөліміндегі орталыққа "Оқыс оқиғаларды тіркеу және талдау" бағдарламасы орнатылды.
Сонымен қатар, институт қыркүйек айында облыстық онкологиялық орталығына "Медициналық SOS" жүйесін толыққанды енгізген болатын. Аурухананың әлеуметтік маңызы зор профильді болғанына байланысты "Адам қауіпсіздігі институты" орталыққа теледидар сыйлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!