Бейсенбі, 21 қараша, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы жақсарған

08.11.2024

195 0

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мемлекетіміздің басты басымдығы екенін атап өткен болатын. Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы 7,9 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов мәлімдеді.

«Биыл 1 қазанға дейін облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 821 376 тұрғын тіркелген. Аймақ халқына 25 стационарлық 25 амбулаториялық-емханалық, 102 дәрігерлік амбулатория, 27 фельдшерлік акушерлік бекет, 93 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 7,9% жоғарылап, 58,3-ті құрады, көрсеткіш Республика деңгейінен жоғары», – деді Басқарма басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: