Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп елдегі медициналық колледждер тексерілуде, – деп хабарлайды kz.kursiv.media.
Мақсат – медицина қызметкерлерінің білімін сапалы жаңа деңгейге шығару. Олардың ішінде фельдшер, мейіргер, акушер, зертханашы және басқа да мамандарды оқыту үрдісі тексеріледі.
Бақылау төмендегідей негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
* оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкестігі;
* оқу процесін материалдық-техникалық жарақтандыру;
* оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау;
* санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтау;
* іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша қолданыстағы аккредиттеудің болуы.
«Бақылау жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде — білім беру қызметіне лицензияны тоқтата тұруға немесе күшін жоюға дейінгі заңнамада көзделген шаралар қолданылады», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылы Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында 13 медициналық колледжді тексеру жоспарланған.
Қазіргі уақытта бес колледж тексеріліп, заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына байланысты үш колледждің лицензиясы уақытша тоқтатылған. Екі колледж айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 94 медициналық колледж жұмыс істейді, онда 9 мамандық бойынша оқытылады:
* мейіргер ісі
* емдеу ісі
* акушерлік
* стоматология
* ортопедиялық стоматология
* фармация
* гигиена және эпидемиология
* зертханалық диагностика
* медициналық оптика
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!