Сәрсенбі, 03 шiлде, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Менингококк инфекциясының алдын алу

17.05.2024

294 0

Сурет:sinai-clinic.ru


Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністермен – симптомсыз таратушылық, мұрын және жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы, менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококктық сепсис түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру.
Инфекция көзі науқас адамдар және қандай да бір клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк таратушысы болып табылатын адамдар.
Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық – қыс және көктем мезгілдеріндегі маусымдылығымен сипатталады.
Инфекцияның берілу жолдары – ауа тамшы арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде беріледі. Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб науқас  адаммен немесе ауру таратушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы жұғады. Инкубациялық кезең1-10 күн аралығында. Науқас айналасындағы  адамдар үшін аурудың бірінші күнінен бастап-ақ жұқпалы болады.
Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады, себебі осы жастағы адамдар көп уақытын көптеген тәуекел факторлары – адамдар көп жиналатын,  темекі шегу, ортақ сусындар және т.б. факторлардың қосылуымен ерекшеленетін түнгі клубтарда өткізеді.
Менингиттің клиникалық белгілері: кенеттен қатты бас ауру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау болады. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, баспа, мұрынның бітелуі, тонзилит және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан ол өте қауіпті. Салқын тигеннен, ауырғаннан, шаршағаннан туындайтын организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдайлар пайда болғанда менингококк бастың ми қабықшасына қарқынды түрде өтеді.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге қаралу және оның ұсыныстарын  орындау қажет.
Аурудың алдын алу үшін әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын сауық орындардағы ойын алаңдарына жиі баруды мейлінше шектеу қажет.
Үй-жайды жиі желдету, ұйымдастырылған ұжымдарда күнделікті ылғылды жинау жүргізу керек.
Созылмалы инфекциясы бар ошақтарды санациялауды жүргізу маңызды, бала жасында бұның көбінесе ЛОР-ағзаларына жиі қатысы бар, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде және мүмкіндігінше профилактикалық мақсатта  бару керек.
Суық тию ауруларының белгілері  (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты мейлінше болдырмау.
Қайнаған немесе  шөлмекке құйылған суды пайдалану қажет.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: