Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Менингококкты инфекция туралы не білу керек?

10.12.2024

93 0

Менингококкты инфекция назофарингит, яғни мұрын және жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы, менингит – ми қабығының қабынуы және менингококктық сепсис түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру. 2024 жылдың 10 айында республика көлемінде менингококкты инфекцияның 70 дерегі анықталды. Ал өзіміздің өңіріміз туралы айтсақ жыл басынан бері қараша айында 1 дерек анықталды. Аурудың одан әрі таралуының алдын алу бойынша індетке қарсы тиісті алдын алу шаралары дер кезінде жүзеге асырылды. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық қыс және көктем мезгілдеріндегі маусымдылығымен сипатталады. Инфекцияның берілу жолдары – ауа тамшы арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде жұғады. Жұқтырған кезден бастап-ақ науқас айналасындағыларға жұқпалы болады. Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ жасөспірімдер қауіп тобында. Менингит белгілері: кенеттен бастың ауыруы, 6-15 сағаттан кейін бөртпелердің шығуы, дене қызуының көтерілуі, қалтырау пайда болады, тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, баспа, мұрынның бітелуі, тонзиллит сияқты белгілеріне ұқсас болып басталады. Сондықтан өз бетімен емдеумен айналыспай, дереу медициналық көмекке жүгіну маңызды. Асқындырып алған жағдайда ауыр ағымда өтуі мүмкін. Аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Нашар желдетілетін, адам көп жиналатын орындарға баруды мейлінше шектеуге кеңес береміз, бара қалған жағдайда бетперде мен антисептик пайдалану ұсынылады. Салауатты өмір салты да ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтеді. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын сақтап, әсіресе жіті респираиторлы вирусты инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымында әлсіретпеуге кеңес береді.

Динара Жанабергенова Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: