Сейсенбі, 23 желтоқсан, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Мерекеде тағамнан уланудың алдын алыңыз

23.12.2025

61 0

Фото: Ашық дереккөз

Желтоқсан дәстүрлі түрде мерекелердің, корпоративтік және жаңа жылдық көпшілік іс-шараларға белсенді дайындық уақыты. Осы қуанышты қарбалас кезеңінде тамақтан улану қаупі де арта түседі. Сондықтан мереке қарсаңында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа жылдық дастарқанға тамақ өнімдерін таңдау және тұтыну бойынша қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Балаларға арналған жаңа жылдық іс-шараларды өткізу орындарында санитариялық-гигиеналық режим қатаң сақталуы қажет. Ертеңгілік шыршаға сыйлықтар сатып алу кезінде олардың құрамындағы тәттілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне аса мән берген жөн, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы керек. Сақтау мерзімі өтіп кеткен және бүліну белгілері бар, ілеспе құжаттарсыз тамақ өнімдерінің болуына жол берілмеу керек.
Мереке қарсаңында, әдетте, дүкендер сатып алушыларға толы болады. Мұндай қарбаласта оңай қателесіп, сапасыз өнімді сатып алу тәуекелі жоғары болады. Сондықтан мерекелік тағамдар дәмді ғана емес, денсаулыққа қауіпсіз болуы керек. Статистикалық деректер көрсеткендей, тамақтан улану жиілігі мереке маусымында айтарлықтай арта түседі. Оның үстіне тұтынылатын тағам әрдайым сапа мен гигиена стандарттарына сәйкес келе бермейді, тағамдар да кейде бірнеше күн қатарынан сақталады, бұл оның бұзылу қаупін арттырады, нәтижесінде тамақтан улану жағдайларының саны жоғарылай түседі.
Мереке кезінде бұқаралық іс-шараларды қоғамдық тамақтану нысандарында ұйымдастыру бойынша өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың сақталуына, оның ішінде кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды күшейтуі тиіс, сонымен қатар:
1) қоғамдық тамақтану кәсіпорнының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды тағам дайындауға қатыстыруға жол берілмеуі керек. Тағамдарды дайындауды медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметкерлері ғана жүзеге асыра алады. Жұмыс орнында медициналық кітапшалардың болуы міндетті;
2) дайын аспаздық тағамдарды әзірлеу кезінде технологиялық регламенттер қатаң орындалуы керек;
3) тоңазытқыш жабдықтарымен, асүй ыдыстарын залалсыздандыру, жуғыш заттармен, суық және ыстық ағынды сумен қамтамасыз етілуі міндетті;
4) жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін қолдануға, дайын өнімнің өтпелі қалдықтарын қайта қолдануға жол бермеуді ұсынамыз;
6) тамақтану объектісі қызметкерлерінің жеке және өндірістік гигиенаны сақтауы аса маңызды екенін еске асаламыз.
Мереке көңілді әрі қауіпсіз өтсін десеңіз осы сақтық шараларын жауапкершілікпен атқаруға кеңес береміз.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: