Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мерзімді медициналық қарап-тексеруден өтудің маңыздылығы

17.04.2023

1048 0

Сурет: aikyn.kz

Барлық кезде де ұлт саулығы, адам денсаулығы мемлекеттің басты құндылығы әрі байлығы болып есептеледі.

Кез-келген қызмет саласында жұмыс істейтін адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін бақылап отыру маңызды. Кәсіпорындардың әкімшілігі меншік түріне қарамастан өз кәсіпорнындағы жұмысшылар арасындағы аурушаңдықкөрсеткіштерін зерделеп отыруы қажет.

Әрбір жұмысшы мерзімді медициналық тексеруден өтіп отыруы тиіс және оның нәтижелері бекітілген медициналық үлгіде тіркеледі.

Медициналық тексерудің 3 түрі бар:

– алдын ала медициналық тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде);

– ағымды медициналық тексеру (халықтың декреттелген топтары үшін);

– ағымды медициналық тексеру (зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін);

Алдын ала медициналық қарап-тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде) және ағымды медициналық қарап-тексеруге қойылатын талаптар 2020 жылы қабылданған «Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсеткіштерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік тізбелерді бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген.  Сонымен қатар міндетті медициналық тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі және жұмыстың зиянды факторларын ескере отырып, олардың кезеңділігі көрсетілген.

Қызылорда облысында халыққа қызмет көрсететін 415 коммуналдық нысан (сұлулық салондары, қонақ үйлер, моншалар, сауналар, спорт объектілері және басқалар) бар. Бұл кәсіпорындардың қызметкерлері бірқатар инфекциялық ауруларды (туберкулез, тері-дерматологиялық, трихофитоз, себорея, гепатит және басқалар) жұқтырып алуы және инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін. Сондықтан облыс тұрғындары арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және ауруды уақытылы анықтау мақсатында мерзімді және профилактикалық медициналық тексерулерден өту қажетті бойынша түсіндірме, санитариялық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жыл басынан бері облыс көлемінде коммуналдық нысандармен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болуы керек және ауруды ерте кезеңде анықтап, уақытылы емдеуді бастау үшін уақтылы медициналық тексеруден өтуі керек.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: