Бейсенбі, 27 қараша, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Министр ұшақта жолаушыны құтқарып қалды

27.11.2025

49 0

Фото: видеодан скрин

Астана–Алматы бағытындағы КС 622 таңғы рейсі бір жолаушы үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Жолаушыға сол ұшақта отырған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, ұшақ ұшу жолағына бет алған сәтте қыздың жағдайы кенет нашарлап, қан қысымы көтеріліп, жүрегі айни бастаған.

«Стюардесса! Стюардесса! Жолаушының жағдайы нашарлап барады, дәрігер керек!» деген дауысты естіген сәтте бортта отырған Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дереу көмекке ұмтылған. Ол қыздың қан қысымын өлшеп, алғашқы көмекті көрсетіп, ұшақ толық көтерілуге дайындалмай тұрып-ақ жолаушының есін жиғызды, – дейді оқиғаға куә болған жолаушылар.

Стюардессалар салфетка мен пакеттерді жылдам жеткізген. Қыздың жанында отырған құрбысы да қолдау көрсетті. Министрдің тәжірибесі мен кәсіби әрекетінің арқасында жолаушының жағдайы біртіндеп тұрақталған. Жолаушылар көмек көрсеткен әйелдің министр екенін кейін білген.

Рейс жолаушылары жағдайдың сәтті аяқталуына Ақмарал Әлназарованың жедел шешімі мен кәсібилігі себеп болды деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі де болған оқиғаны растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: