Көпшілігіміз «Денсаулық – зор байлық» деген сөзді жиі естиміз. Алайда осы сөздің мәнін денсаулық сыр берген кезде ғана ұғынамыз. Шын мәнінде, адамның өмірі, қуанышы, арманы денсаулыққа тікелей байланысты. Мықты денсаулықсыз адам өмірінің сапасы төмендейді, арманы екінші орынға ысырылады.
Қазіргі заманда жұмыс, оқу, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, ұйқының жетіспеушілігі денсаулыққа кері әсер етеді. Себебі дені сау адамның ғана ойы анық, көңіл-күйі тұрақты, өмірге деген көзқарасы оң болады.
Денсаулықты сақтау – дұрыс тамақтанудан, спортпен шұғылданудан, зиянды әдеттен аулақ болудан басталады. Сонымен қатар уақытылы дәрігерге қаралу, денені шынықтыру, тынығуға да уақыт бөлу маңызды. Бұл – жай ғана ереже емес, ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің негізгі кепілі.
Денсаулығы мықты адам ғана өзіне сенімді болады, алдына үлкен мақсат қойып, өзгеге көмек бере алады. Мықты денсаулық – табысты өмірдің тірегі.
Ақжүніс БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!