Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нәрестені ана сүтімен қоректендірудің маңызы

01.12.2024

26 0

Фото: qazdauiri.kz

Жаңа туған нәрестені ана сүтімен қоректендіру – оның денсаулығы мен дамуы үшін маңызды. Ана сүті нәресте үшін таптырмас қорек көзі болып саналады.

Дүние есігін ашқан сәттен-ақ сәбиді ана сүтімен қоректендіруге басымдық беріледі. Себебі ана сүтінің бала иммуниетін қалыптастыруда пайдасы зор. Яғни онда нәрестенің иммундық жүйесін күшейтетін арнайы антиденелер бар. Бұл нәрестені алғашқы айларда инфекциялар мен аурулардан қорғайды. Сонымен қатар оның құрамындағы ақуыз, май, дәрумендер, минералдар және басқа маңызды қоректік заттар сәбидің асқазан-ішек жолына оңай сіңіріледі. Ана сүтіндегі май қышқылдары мен ақуыздар нәрестенің миы мен жүйке жүйесінің дамуына оң әсер етеді. Ана мен бала арасындағы алғашқы байланыс та ана сүті арқылы орнайтынын бүгінгі медицинада жиі айтылады. Тіпті, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездесетіні де ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бұл ана сүтін ешқандай сүт қоспасы алмастыра алмайтынын білдіреді.

Сондай-ақ емізу арқылы ана мен бала арасында психоэмоционалдық байланыс орнайды. Сол себепті баланы алғашқы алты айында тек ана сүтімен, ал 2 жасқа дейін қосымша тамақтандыру қажет. Бала емізудің ана денсаулығына да пайдасы зор. Емізу арқылы жаңа босанған әйел ағзасы тез қалпына келеді, сүт безі мен аналық бездің қатерлі ісігінің қаупі төмендеп, гормондық балансты реттеуге ықпал етеді.

Базаркүл Исаева,

Гүлмира Төлепбергенова,

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының неонатолог-дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: