Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі: Індетті жеңетін бірден-бір жол – жаппай вакциналау жұмыстарын жүргізу

26.01.2022

679 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтағы коронавирус індетінің таралуы мен эпидемиологиялық жағдай бойынша отырыс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова және онлайн форматта Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

Аймақ басшысы облыс тұрғындарын жаппай вакцинациялау және ревакцинациялау шараларын күшейту туралы мәселеге тоқталды.

– Індетті жеңетін бірден бір жол – жаппай вакцинациялау жұмыстарын жүргізу. Дегенмен, бірқатар аудандар бойынша вакцина алмаған азаматтар саны әлі де жетерлік. Ревакцинация жұмыстары да баяу жүруде. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, вакцинация жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу қажет. Саулықты сақтап, азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға тиіспіз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Бүгінгі таңда облыс бойынша екпе алуға қабілетті азаматтардың 92,6% I компонент, 87,9% тұрғын II компонентті салдырған. Сонымен қатар, 2021 жылдың 22 қарашадан басталған ревакцинациядан 43 253 адам өтті.

Жиында аудан әкімдері вакцинациялау қарқыны бойынша межеленген жұмыстардың орындалу барысын тізбектеді. Айту керек, аудандар бойынша ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 18 жастан жоғары 250 мың тұрғынның I компонентімен 94,2%, IІ компонентімен 88,2% вакциналанды.

Айта кету керек, Pfizer вакцинасымен аудандар толық қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, облыс бойынша «Спутник лайт» вакцинасының 8 мың дозасы, «Синовак» вакцинасының 40 мың дозасы жеткізіліп, барлық медициналық мекемелерге бөлініске сай таратылды.

Жиын соңында аймақ басшысы департамент басшысына тұрғындар арасында жеткілікті деңгейде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін еске салды. Жиында көзделген мәселелерді бақылауға алуды орынбасары Балжан Шаменоваға жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: