Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс тұрғындарының 84,2 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

09.06.2023

634 0

Бүгінде МӘМС жүйесіне сақтандырылған өңір халқының үлесі 84,2 пайызды құрады. МӘМС жүйесін енгізумен жоғары технологиялық, консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтердің, медициналық оңалтудың қолжетімділігі айтарлықтай артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаева хабарлады.

– МӘМС жүйесінің басты артықшылықтарының бірі – табысына, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан денсаулықты сақтауға тең құқықтар. Медициналық қызметтерді алу үшін барлық сақтандырылған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Облыста олардың саны 107 және медициналық ұйымдар саны жыл сайын артып келеді. Жалпы облысымызда былтырғы жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 3,3 пайызға азайған. Бұл МӘМС жүйесінің оңтайлы қызмет көрсетуінің дәлелі десек болады. Соңғы 3 жылда зертханалық талдаулардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі 5 есеге артты. Сонымен қатар МӘМС жүйесі арқылы КТ мен МРТ көмегін алу біршама жеңілдетіліп, 47,8 мың қызметті құрады. Ал ересек пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қызметін алу екі есеге өсті. Медициналық сақтандыру жүйесінің тағы бір артықшылығы пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету болып табылады. Осы арқылы облыста 600 мыңнан астам адам аталмыш қызметтің көмегіне ие болады. Бұл сапалы медициналық қызметтер өңір халқының денсаулығына оң әсерін тигізуде деп білемін, – деді Жұпар Алтынбекқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: