Сәрсенбі, 08 қаңтар, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Облыста метапневмовирус тіркелген жоқ

06.01.2025

168 0

Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың
әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты Қызылорда
облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесіні
хабарлайды.
Адам метапневмовирусы – көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды.
Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 2024-2025 жаңа эпидемиологиялық маусымда облыс көлемінде жіті респираторлы вирусты инфекция 44599 адамнан анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткішінің 10%-ға төмендегенін көрсетеді. Ауру ағымы ауыр өтіп жатқан 476 науқастан алынған анализдерге зертханалық талдаулар жүргізіліп, нәтижесінде 84 тұмау емес вирустар анықталды, басым көпшілігі РС вирус (47), аденовирусқа (23) сәйкес келеді, метапневмовирус анықталған жоқ. Сонымен қатар спорадикалық жағдайлардан парагрипп-8, риновирус-19, боковирус-2 тіркелді. Тұмаудың 1 дерегі анықталды, былтырғы жылдың осы мерзімінде 264 жағдай есепке алынған болатын, бұл аурушаңдық көрсеткіштері бойынша биылғы төмендеу тенденциясын көрсетеді. Жалпы алғанда эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге қатысты.
Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:

  • адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
  • үй-жайларды үнемі желдету;
  • қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
  • ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
  • тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу;
  • ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: