Жұма, 29 наурыз, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыста паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

19.10.2022

943 0

2022 жылдың 9 ай көлемінде паразитарлық ауру жұқтырудың 227 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда аурушаңдық деңгейінің 60%-ға өскендігін көрсетеді, оның ішінде балалар арасындағы аурушаңдық көрсеткіштері 43%-ке  артқан. Энтеробиоз ауруы – 47%-ке, лямблиоз – 2,2 есеге, гименолепидоз – 1 жағдайға көбейді.

Паразитарлық ауруларға шалдығу деректерінің басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде. Әсіресе, энтеробиоз, дерматомикоз және лямблиоз аурушандығы 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиілеп тұр.

2022 жылдың 9 айында эхинококкоз ауруының 18 жағдайы есепке алынды, оның 16%-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ауру ошақтарынан тиісті сынамалар алынып, сәйкессіздіктер анықталды. 

Дерматомикоз ауруының 216 жағдайы тіркелді, аурушандық өткен жылмен салыстырғанда 41,1%-ке, соның ішінде балалар арасында 35%-ке өскен. Ауру ошақтарында індетке қарсы шаралар,  қорытынды дезинфекциялау жұмыстары толық жүргізілді.

Қышыма ауруының 35 жағдайы тіркеліп, салыстырмалы түрде  аурушанық 2 есеге өскен. Балалар арасындағы сырқаттану көрсеткішінің жоғары болуы алаңдаушылық туғызады. Барлық тіркелген аурудың 71%-ін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.

Паразиттік аурулардың алдын алу үшін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын орындау қажеттігін еске салады:

*жеке гигиена ережелерін ұстану;

*қоғамдық тамақтандыру орындарында, асүйде санитариялық ережелерді орындау, өнімдердің пісіру технологиясы мен сақталу мерзімінің бұзылмауына назар аудару;

*азық-түлікті тек арнайы рұқсат құжаттары бар белгіленген сауда орындардан сатып алу;

*қайнатылған және құтыдағы суды пайдалану;

*барлық мал шаруашылығы азық-түліктерін, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізу;

*жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау;

*балалардың үй жануарларымен жақын қарым-қатынасын шектеу, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;

*үй жануарларын уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу;

*төрт түлікті төлдету, қырқу, сою кезінде арнайы киім киіп, қолғаппен жұмыс жасау.

Аталған сақтық шаралары паразиттік және инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді. Кез келген аурудан сақтанудың негізгі жолы олардың алдын алу шараларына салғырт қарамаудың маңызды екендігін ұмытпаңыз.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: