Сейсенбі, 26 қараша, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Өкпе «жыртылып кетеді»: Дәрігер COVID-пен ауырғанда науқастар жіберетін басты қателікті атады

10.08.2021

1066 0

Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жұқпалы аурулар госпиталіне науқастар күн сайын жеткізіледі. Бөлім меңгерушісі Павел Останин коронавирус жұқтырған науқастардың санитарлық талаптарды елемеуі қандай жағдайға жеткізетінін айтып берді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты .

«Біреу үйінде соңғы демі таусылғанша емделіп жата береді. Енді біреуі жүре берсем «жазылып кетемін» деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! Ақырында сатурациясы 40 болып, ауруханаға ес-түссіз түседі. Ондай науқасты қалай емдейсің? Қолымыздан келгенше тырысамыз, соңына дейін күресеміз. Дәл қазір бұрыннан ауырып жүрген, бірақ жаңадан түскен пациенттер бар. Жансақтау бөлімінде орташа есеппен 21 күндей жатады. Ем оң нәтиже беретін мерзім шамамен 50 күн», — дейді дәрігер Останин.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жұқпалы аурулар госпиталінен мыңнан астам науқас емделіп шыққан. Алайда медицина қызметкерлерінің жұмысы азаймай отыр. Себебі жазылып шығатындардың орнына ауыр жағдайда түсетіндер көп. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған адамдар таза ауамен қиналмай дем алуды армандайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: