Сейсенбі, 26 қараша, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Өңірде 62 медициналық нысан жаңартылмақ

25.02.2021

880 0

Қызылорда облысында 2024 жылға дейін медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысан қайта жаңғыртылады. Биылдың өзінде 14 амбулатория мен 9 медпунктің жобалық-сметалық құжаты әзірленеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметтің төрағалымен өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.

Қазір облыста аудандық орталық аурухана салу мәселесі толығымен шешілді.

– Өткен жылы еліміз үшін өте күрделі болды. Әлемдік пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай әсер етіп, қызметтің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Әлемді шарпыған бұл індет біздің аймағымыз үшін де үлкен сынақ болды. Дәрігерлер алдыңғы қатарда жүріп еңбек еттіңіздер. Халықтың денсаулығы басты орында. Сондықтан денсаулық сақтау нысандарын жаңалап, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар алынады, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы індетпен тікелей күрескен 3 мыңнан аса медицина қызметкеріне 3 млрд. теңге көлемінде үстемақы төленді.

– Денсаулық сақтау саласында қабылданған бірнеше жол картасы бар. Ең бірінші мақсатымыз аймақтағы тұрғындардың өмір сүру жасын ұзарту. Өлім себебіне алып келетін бес бағыттағы сырқаттануды азайту. Ол үшін дәрігерлердің біліктілігі, материалдық мүмкіндік болуы қажет. Бұл мәселелерді шешуді жолға қойдық, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Өткен жылы облысқа жаңадан 109 маман келді. Оның жартысынан көбі аудандық ауруханаларға жіберілген. Былтыр жыл басында өңірде 76 өкпені жасанды желдету апараты болса бүгінде оның саны 280-ге жетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: