Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен өнімнің қауіпсіздігін бақылау аясында 2025 жылы сауда орындарынан барлығы 1 766 сынама сатып алынды. Сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі 69,7% – тағам өнімдері және 30,3% – тамақ емес өнімдер.
Жүргізілген сараптама нәтижесімен 317 үлгі техникалық регламент талаптарына сай болмай шықты. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 4, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша – 11, таңбалануы бойынша – 247 және физикалық факторлар бойынша – 4 сәйкессіздік анықталды.
Өнімдер қауіпсіздігін мониторингтеу барысында халық көп тұтынатын шайларды зерттеу барысында қолдануға мүлде рұқсат етілмейтін бояғыштар анықталды. Қазақстанда қапталған, Кения елі шайларының құрамынан «сары күн батуы» және тартразин бояғыш заттары қолданылған, нормада бұл қоспалар болмауы тиіс. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №1 ПГСВ қаулысымен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін шайдың бірқатар атауларын елге әкелуге және сатуға тыйым салынды. Олар:
- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша: - «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Сәйкес келмеген барлық өнімдер бойынша 100 сауда объектісіне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттер талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы ресімделіп берілді. Сәйкессіздік анықталған отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. Бұдан бөлек, сараптама нәтижелерімен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталған импорттық өнімдер туралы ақпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетіне тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданды.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 1 241 539 теңгені құрайтын 818 кг өнім сатылымнан алынып, өнімдерін тауарлық ілеспе құжаттарынсыз сатқан 6 сауда орнына қатысты кәсіпкерлік субъектісіне ӘҚБтК-нің 203-бабымен жалпы сомасы 673790 теңге айыппұл салынып, өндірілді.
Жыл көлемінде халық арасында тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық регламенттер, санитариялық қағидалар, сапалы және қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану, тағам өнімінің қауіпсіздігін қадағалау тақырыптарында тағам өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, сатумен айналысатын кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, тұтынушылар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету бағытындағы аталған жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
