Сейсенбі, 07 сәуiр, 14:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Өнімдер қауіпсіздігі бақылауда

07.04.2026

35 0

Фото: ашық дереккөзден

Өнімдер қауіпсіздігін мониторингілеу – тұтынушылардың денсаулығы мен өмірін қорғауда, сондай-ақ нарықтағы сапаны қамтамасыз етудегі маңызды жүйе. Басты мақсат – адам денсаулығына зиян келтіретін факторларды болдырмау, сапасыз және қауіпті өнімдерді анықтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, өндірушілердің жауапкершілігін арттыру.


Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу тұрақты негізде жүргізіледі. 2026 жылға арналған өнімдерді сатып алудың жоспар-кестесіне сәйкес 1-тоқсанда аймақтағы сауда орындарынан 490 сынама сатып алынып, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 70% – тағам өнімдерін құрады, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, халық көп тұтынатын өнімдерге басымдық берілді. Сонымен қатар тамақ емес өнімдердің ішінде балаларға арналған ойыншықтар, парфюмерлі-косметикалық өнімдер, тұрмыстық химия, гигиеналық тазарту заттарынан 490 сынама алынды. Оның 22% – отандық өнім, қалған 39% – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде және 39% – өзге елдерде өндірілген тауарлар.
«Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облыстық филиалымен жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 490 сынаманың 17%-і техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 1, физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша – 2 сәйкессіздік анықталды. Бұдан бөлек, 80 сынама техникалық регламенттердің таңбалануы бойынша талаптарға сай болмады, яғни өнімінің атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндірушінің аты және орналасқан орны, қолдану бойынша нұсқаулар мен шектеулер, тағам құндылығының көрсеткіштері мемлекеттік тілде көрсетілмеген.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімнің 4% – отандық өнімдерді құраса, 40% – Еурзиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 56% – өзге елдерден әкелген өнімдердің үлесінде.
Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер бойынша 6 сауда объектісіне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары ресімделді. Әкімшілік хаттамалар толтырылып, 529812 тг көлемінде айыппұл салынды.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: